«Өзіңді өзгерт!»

«Өзіңді өзгерт!»

Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінде «Ар�...

Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінде «Ардос Жүрек» мүгедектер бірлестігінің жетекшісі Ақжан Каримов қонақта болып қайтты.

Ақжан Каримов 1 курс студенттерімен кездесіп, «Өзіңді өзгерт» атты семинар – тренингін өткізді.

Өмір – үлкен қызығы мен шыжығы толы алаң. Бұл алаңда небір жанрдағы ойыншылар, түрлі кедергілер бар. Өмір кейде қызық, кейде қиын – деп өз сөзін Ақжан Каримов бастады.

Тренинг мақсаты: студенттердің өзін-өзі тануына, өз қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің көзқарасына тәуелді болмауға, өзін – өзі рухани жетілдіруге, өмір сүруге құлшынысын арттыру.

Тренинг барысында колледж студенттері белсене қатыса отыра, өздерінің тиісті сұрақтарына жауап ала алды.

Малгаждарова К.К.,
преподаватель колледжа

Автор:
Абусагитова Альбина Ерболатовна
редактор
Страница создана
19.09.2019
Дата обновления:
22.04.2021